Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі студенттерге онлайн дәріс өткізді. 

Аталған акция аясында республика бойынша жоғары сынып оқушылары мен жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттері қамтылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және жас ұрпаққа парасаттылық пен адалдық қағидаларын қалыптастыру мақсатында бүкіл ел бойынша тұрақты негізде "Парасаттылық сағаты" акциясын өткізеді. 

Оқушылар арасында білімнің маңыздылығын түсіндіру бойынша дәстүрлі "Парасаттылық сағаты" кездесуінің орнына бұл жолы онлайн өткізіледі. 

"Ұлы Абай мұрасы-мәңгілік мұра" тақырыбында Онлайн — дәріс өткізілді. Тақырып кездейсоқ таңдалмаған. Биыл Қазақстан Ұлы ойшыл және ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын атап өтеді.

 Абай философиясы біздің халқымыздың мәдениеті мен ұлттық бірегейлігінің ажырамас бөлігіне айналды. Абайдың терең ойлары біздің идеологиямыздың негізін құруы керек.

Абай Құнанбаев өскелең ұрпақты адал және парасатты, еңбекқор болуға, тұрақты дамуға ұмтылуға, қайырымдылыққа шақырды.

Ел Президенті Қ.Тоқаев «ХХІ ғасырдағы Абай және Қазақстан» мақаласында: «Абай туралы білім - бұл өзін-өзі тану. Өзін-өзі тану, үнемі өсу, ғылымды зерттеу, білім - бұл даналық. Абайдың сөздері ұрпақтың жол сілтеушісі болуы керек».

  • 19 мая, 2020