Павлодар қаласының "Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі" ШЖҚ КМК базасында 2022 жылғы 27 сәуір күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  Жастар жылының ашылуында жариялаған, бастауын  2020 жылы  алған,  "Жас Маман" жобасын іске асыру шеңберінде "Мобильді робототехника" және "Ақпараттық кабельдік желілер"  екі бағыт бойынша құзырет орталықтарының ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатына Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары және колледждің әлеуметтік серіктестері-"Қазақтелеком" АҚ, "Транстелеком" АҚ, "ҚТЖ" ҰК "АҚ," PCN-101 "ЖШС,"SNN company" ЖШС шақырылды. Қонақтарға Worldskills әлемдік стандарттарына сәйкес келетін жаңа жабдықтары бар дәрісханалар ұсынылды. Мобильді робототехника бойынша студенттер роботтарды құрастыру, бағдарламалау және басқаруды көрсетті. Сондай-ақ колледжде электроника бойынша зертхана жұмыс істейді, студенттерді Worldskills чемпионатына дайындау жүріп жатыр. «Ақпараттық кабельдік желілер» құзіреттілік орталығында қонақтар байланыс қызметтерін көрсетуде әлеуметтік серіктестер тәжірибеде қолданатын соңғы үлгідегі жабдықтармен танысты.

 

 

 

 

 Орталықтардың ашылуы оқытушылар мен студенттерге білім беру бағдарламаларын кәсіби қызметке біріктіруге жаңа мүмкіндіктер береді, сондай-ақ жұмыс берушілермен ынтымақтастық перспективаларын кеңейтеді.

Сонымен қатар, құрылып жатқан Орталықтар әртүрлі деңгейдегі Worldskills чемпионаттарын дайындау және өткізу үшін базалық алаң болып табылады.

  • 27 апр, 2022