Колледжде 25 қаңтарда "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін немесе мүмкін емес" тақырыбында пікірталас өтті. Пікірсайысқа колледждің дебаттық клубының мүшелері мен 2 курс студенттері қатысты.

Қатысушылар екі топқа бөлінді. Олар сыбайлас жемқорлыққа қатысты түйткіл мәселелерді талқылады. Әр топ өз позицияларын қорғады. Ережелер кімнің дәлелдері күшті болса, сол жеңімпаз болады.

Іс-шараның мақсаттары:

  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығы туралы сенім қалыптастыру;
  • студенттердің құқықтық санасын тәрбиелеу және құқықтық мәдениетін арттыру;
  • белсенді азаматтық ұстанымын дамыту.

  • 25 янв, 2023