2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру бағдарламасын іске асыру, "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығын орындау мақсатында 25.06.2021 күні  "«ҚТЖ-Жүк тасымалы»   ЖШС кәсіпорнында қорытынды аттестаттау шеңберінде WorldSkills құзыреттілік стандарттары бойынша "Жүктерді экспедициялау" демонстрациялық емтихан өткізілді.

WorldSkills чемпионаттық қозғалысында осы құзіреттіліктің болмауына байланысты колледж қызметкерлері кәсіби стандарттар, арнайы пәндердің теориялық және практикалық білімдері, базалық кәсіпорындар, экспедиторлық және логистикалық компаниялар қызметкерлерімен ынтымақтастық негізінде WorldSkills қозғалысын дамыту департаментінің "Таlар" КЕАҚ кеңес беруі кезінде түлектер үшін өзекті демонстрациялық емтихан тапсырмаларын әзірледі.

Ағымдағы оқу жылында WorldSkills стандарттары бойынша демонстрациялық емтиханға біздің білім беру ұйымымыздың 120300 0  "Теміржол көлігінде тасылмалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару" мамандығы бойынша ОП-428 тобының 5 түлегі Агадилова А.К.,Ахметжанова М.М, Бағлан Е.А., Гусейнов Р.Р., Елтай М.Қ.қатысты.

  

Демонстрациялық емтихан колледждің арнайы пәндер оқытушылары Курочкиной Н.В., Искаковым Р.Х. әзірлеген конкурстық тапсырмалар бойынша "Слесарлық іс" құзыретінің техникалық сипаттамасы" талаптарын ескере отырып өткізілді. Демонстрацияны сәтті өткізу үшін материалдық-техникалық базаны дайындауға Карашашева С.Ш., Жетибаева М.М., Айткенова А.А. белсенді қатысты. Түлектің міндеті-өз біліктері мен дағдыларын іс жүзінде көрсету. Бұл дәстүрлі "билет" емтихандарынан түбегейлі айырмашылық.

Демонстрациялық емтиханда студенттер 3 модульді талдап және өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті:жүкті қабылдап-тапсырушылар көрсетілген жүкке жылжымалы құрамның түрлерін қалай ұсынды, оның берілген жүкті тасымалдаудағы артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсете отырып, компания клиенттеріне тасымалдауды ресімдеу жөнінде кеңес берді, жүктерді жеткізу мерзімдерін анықтады, стандартты емес жағдайларды түсінді және теміржол көлігі туралы шарттар мен Заң баптарының бұзушылықтарын анықтады және осындай жағдайлардан шығу жөнінде ұсынымдар берді. Тауар кассирлері жүктерді тасымалдау кодтары мен құнын қалай анықтады, экспедиторлар тасымалдауды қалай рәсімдеді.

Түлектерге бағалауды "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС- "ГП Павлодар бөлімшесі" кәсіпорнының басшылары мен бас мамандары қатарынан құрылған тәуелсіз сарапшылар - Екпінтаев Н.К., Яковченко Л. И., Тухтаметова О. А., Молдабаева А. Б. береді.

Бүгінгі таңда емтихан міндетті болып саналмайды. Студенттер оны өз еркімен тапсырады және әдеттегі дипломнан басқа "біліктілік паспортын" (SkillsPassport) алады, ал олар туралы ақпарат жас мамандардың деректер қорына енгізіледі. Оның көмегімен кәсіпорындар жаңа жұмысшылар мен жаңа мамандарды таба алады. Кейбір компаниялар сынақ кезеңінде ең жақсы түлектерді таңдайды. Сонымен, А.Агадилова, Р.Гусейнов, М.Ахметжанованың жұмыстары атап өтілді.

  

  • 25 июн, 2021