Жатақхана студенттері Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтті. Кез келген елдің байлығы-халықтар арасындағы достық, толеранттылық, өзара сыйластық. Іс-шарада студенттер қазақ биі "Төре би" биін, орыс халық частушкалары "Слушай частушки и хлопай в ладошки" айтты, украин тақпағын: "Гарнидевчина" және "Лопотушка" биін биле, алжар биі "Гандагана"  биін дайындады, қазақ, орыс, молдаван, моңғол тілдерінде өлеңдер оқылды.

Көрермендер "Астананы тап" байқауына қатысты. Барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар табыс етілді, Бір-біріне бейбітшілік, мейірімділік, бақыт тілеп, студенттер мерекені аяқтады.

Бүкіл әлемде бейбітшілік болсын!!!

  • 28 апр, 2023