1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күні тойланады. Бұл достықтың, келісім мен түсіністіктің мерекесі. Елімізде 150-ден астам этнос өкілдері тұрады. Олардың әрқайсысының өз тарихы бар, бірақ бәрі бірге Қазақстан Республикасының біртұтас халқы болып табылады.
2022 жылдың 28 сәуірі күні атаулы мереке аясында сынып жетекшілері оқушыларға «Мерекенің тарихы – Қазақстан халқының бірлігі күні» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты: студенттер арасында қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді, өз еліне, халқына мақтаныш сезімін қалыптастыру, басқа халықтардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу.