Мекеме филиалының базасында профилактикалық іс-шара аясында «Біз алкоголь мен есірткіге қарсымыз. Сен ше?» атты «Ашық есік күні» ұйымдастырылып, студенттеріміз келушілер болып, орталықтың жұмысымен танысты.

Іс-шара кәмелетке толмағандарға және олардың кәмелетке толған ата-аналарына есірткі, уытты заттардың, алкогольдік сусындардың зиянды әсерінің  мәселелері бойынша кеңес беру, практикалық көмек көрсету мақсатында өткізіледі.

Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Анна Александровна Куликова мен Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының бастығы Ирина Тимиргалиеваға алғыс айтамыз.

  • 09 июн, 2023