Қазақстанда 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күні атап өтіледі.
Тіл – адамның адамдық қасиетінің ең құдіретті, айрықша белгісі, қару түрі!» – дейді қазақтың қоғам және саяси қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы.
Осы күнді мерекелеу құрметіне колледжде сынып сағаттары мен таныстыру әңгімелері өткізілді.
Көпұлтты еліміз үшін бұл күннің мәні ерекше. Олардың бірі – бейбітшілік пен келісімде 130 ұлт пен ұлыс өмір сүретін республиканың тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту және тарату, жас ұрпақтың мемлекеттік тілге, қазақ және басқа да халықтардың мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қарауы болып табылады.
Бұл айтулы күн халық ұстазы - көрнекті ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуымен тұспа - тұс келді. А. Байтұрсынов бүкіл өмірін туған халқының тағдыры мен тілі үшін күреске арнап, ұрпақтарына қазақ әліпбиін, графикасын, құрылымы мен орфографиясын жазып, мұра етіп қалдырды.