Биылғы жылдың тамыз айынан бастап «Қазақстанның студенттер альянсы» ҚБ республикалық қозғалысы Нұр Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және еліміздің 14 аймағында «Кәсіптік бағдар беруге бағытталған шараларды жүзеге асыру, еңбек нарығындағы сұраныстар жайлы жастарға ақпарат беру» жобасын жүзеге асыруда. Іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан қолдау тапты. Аталмыш жоба аясында кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылуда. Осыған орай, «ЖЭжК» ОП-320 және П-319 тобының студенттері Павлодар қаласындағы «Трамвай басқармасы» АҚ арнайы барып, өндірістің негізгі цехтарын аралап, технологиялық үрдістермен танысты.