АӘД пәнінің оқытушысы Е.Е.Абдулходжаев және сынып жетекшілерімен жастардың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті, отансүйгіштікке, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында 1 курс студенттеріне «Жауынгерлік даңқ» мұражайына экскурсиялар ұйымдастырылды.

Соғыс тарихы – мәңгілік тарих. Соғыс халық жадында мұң, жауыздық, азап шегетін, сонымен бірге ерлік пен батырлық, Отанға деген риясыз сүйіспеншілік, қайсарлық және  зор қуаныш – Жеңіс кезеңі ретінде қалды. Шынайы экспонаттар соғысты жауынгерлер көзімен көруге, сезінуге, оған жақындауға: қару-жарақ, фотосуреттер, ордендер мен медальдар, Ұлы Отан соғысы батырлары мен қатысушыларының жеке құжаттары мен хаттары мүмкіндік береді.

  • 03 мая, 2023