"Жоғары электроника және коммуникация колледжі" ШЖҚ КМК-да 29.06.2023 күні қорытынды педагогикалық кеңес өткізілді. Онда "2023 жылғы педагогикалық идеялар фестивалі" атты колледжішілік конкурсының нәтижелері шығарылды.

Бұл байқау колледждің үздік педагогтарын анықтау және ынталандыру мақсатында өткізілді. Байқау 2 кезеңнен тұрды: эссе және портфолио.

Эссе байқауы «Мұғалімнің қоғамдағы мәртебесі» тақырыбында өтті. Бұл эсседе ұстаздар осы мәселе бойынша өз көзқарастарын, өз ойларын тиянақты жеткізе білу, өз көзқарасын қорғай білу қабілеттерін көрсетті. Осы конкурста құзыретті қазылар алқасы жеңімпазды анықтады: "Мисс баспа сөзі" номинациясы бойынша - Баяхметова Каирпану Сайлаубаевна.

Педагогтердің портфолиосын қарау кезінде номинациялар мен жеңімпаз анықталды. Сондай-ақ циклдік комиссиялар бойынша рейтингті есептеу болды. Циклдік комиссиялар арасында: "Көлік" ПЦК, "ТҰ, АТ және байланыс" ПЦК, "БҚ және ЕТ" ПЦК, "Жалпы білім беру пәндері" ПЦК ерекше көзге түсті. Сондай ақ келесі номинациялар бойынша оқытушылар марапатталды:

- «Тәрбие жұмысындағы сарқылмас белсенділігі мен ынталылығы үшін»  -Кондратьева Любовь Константиновна;

«Белсенділігі, жұмысқа деген құлшынысы және жоғары кәсіби деңгейі үшін» - Мельник Эллина Сергеевна;

«Заманауи технологияларды ойдағыдай енгізгені үшін» - Исаенко Василий Васильевич;

«Кәсіби құзыреттілікті үздіксіз жетілдіргені үшін» - Каббасов Бакдаулет Дюсембынович;

«Zigzags of communication» - Абдуходжаев Ыхлас Ерденович;

«Сабақтары әр түрлі, әрқайсысында шебердің қолы бар...» - Карасаева Ольга Владимировна;

«Шеберлік шыңдарына» - Сансызбаева Асель Давлетовна;

«Әмбебап оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру және дамыту» - Байгутанов Орал Еркенович;

«Білім алушылардың танымдық белсенділігін жандандыру» - Садыкова Жанар Еркыновна;

 «Білім берудегі инновациялық әдістер мен технологиялар» - Грицанчук Татьяна Анатольевна, Ахметова Шамшыпану Махметовна;

«Данышпан шеберханасы» - Мулярчик Татьяна Антоновна;

«Innovation IT» - Нургожина Жанара Оралбековна, Нургазинова Асемгуль Сагиденовна, Шунтинова Аяжан Мадиевна;

«Жұмыстағы сарқылмас белсенділігі мен ынталылығы үшін» - Шаймарданова Бакытнур Кайырлыхановна, Шаймарданова Айнур Кайырлыхановна, Токпалинова Анара Асалбековна, Баяхметова Каирпану Сайлаубаевна.

"223 жылғы Педагогикалық идеялар фестивалі" атты байқауының жеңімпазы "Үздік портфолио" номинациясы бойынша - Гордеева Тамара Федоровнаға жеңімпаз кубогы табысталды.

  • 30 июн, 2023