16 мамырда ЖЭжКК  стадионында бірінші курстар арасында шағын футболдан финалдық ойындар өтті. В-112, Е-112 және А-112 топтары жүлделі орындарды сарапқа салды. Автоматшылар вагоншылардан 0:1 есебімен ұтылды, бірақ 2:0 есебімен эетерден басым түсті, бұл өз кезегінде вагоншыларды 1:0 есебімен ұтты. Осылайша соғылған және өткізілген голдар арасындағы айырмашылық бойынша А-112 командасы чемпион атанды!!! Екінші орынды Э-112 командасы иеленді және В-112 тобының футболшылары қола жүлдегерлер атанды, өйткені олар жеке кездесуде Э-112 командасына ұтылды. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!!!

  • 18 мая, 2023