Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев жариялаған 2025 жыл – "Жұмысшы мамандықтарының жылы" аясында іс-шара жоспарын әзірледі. 2025 жылға арналған іске асырудың негізгі тармақтары:
- халықаралық сәйкестік аккредиттеуден өту және колледжді бітіргені туралы құжатты тану;
- 2025 жылы "Жаңа мамандықтар атласы" жобасын іске асыру жалғасады;
- Республика колледждерінің педагогтері арасында Республикалық кәсіби шеберлік конкурсын өткізу;
- WorldSkills Pavlodar 2025 Өңірлік кәсіби шеберлік байқауын өткізу және оған қатысу;
- Абай облысының IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі мен "ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ арасында студенттердің академиялық ұтқырлығы және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша және тәжірибе алмасу үшжақты меморандумға қол қою;
- Мектеп – Колледж - ЖОО кластерін құру;
- "ҚТЖ "ҰК" АҚ-мен кадрлар оқыту және даярлау, құрылымдық бөлімшелеріне конкурстық рәсімдерден тыс түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою;
- студенттерді дуалды оқытумен қамтуды ұлғайту және кәсіпорындардың қамқорлығын кеңейту;
- жұмыс мамандықтары бойынша МТБ зертханасын жаңарту және нығайту;
- кәсіпорындардың өтінімдері бойынша нысаналы мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде контингентті ұлғайту.