Жоғары электроника және коммуникация колледжінде студенттердің ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Асхат Батыржанұлы Искендировпен кездесуі өтті. Диалог барысында балалар Мемлекеттік қызмет жүйесінің қалай құрылғанын, болашақ мемлекеттік қызметшілерге қандай талаптар қойылатынын және осы салада мансап құру үшін қандай қадамдардан өту керектігін білді. Әңгіме жанды форматта өтті: Студенттер сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті және сарапшыдан құнды ұсыныстар алды. Мұндай кездесулер жастардың қоғамға қызмет етудің маңыздылығы туралы түсінігін қалыптастырады және кәсіби өсу үшін жаңа перспективалар ашады..

@elgeqyzmet.gov.kz

@elgeqyzmet.pavlodar

@bilim_basqarmasy

@самал.Сейтқазин

  • 22 апр, 2025