С-219 тобында "Электроника және схемотехника негіздері" пәні бойынша 2021 жылдың 16 наурызында викторина ойыны өткізілді.

Ойынның негізгі міндеттері - осы пән бойынша өткен материалды бекіту, логикалық ойлауды дамыту, тәуелсіз қорытынды жасай білу  болып табылады.

Викторинадағы сұрақтар электроника, химия және схемотехника негіздері бойынша сұрақтарды қамтыды. Студенттер бірлескен жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған, quizizz.com платформада жұмыс істеді. Ойынға қосылу үшін студенттер сілтемеге өтіп, арнайы кодты енгізуі керек. Тапсырмалар барлық қатысушылар үшін бірдей, бірақ кезектілікпен беріледі. Мұғалім алынған нәтижелерді Excel кестесіне экспорттай алады.

  

Викторинаға 13 студент қатысты. Викторинаның нәтижелері бойынша жылдамдығы мен жауабының дұрыстығы бойынша бірінші алдыңғы орынды студенттер алды:

Рустемова Альмира  - 1 орын (10530 б.),

Сабыржан Макпал – 2 орын (8840 б.),

Тищук Владлен - 3 орын  (8760 б.).

Ойын-викторина аяқталғаннан кейін студенттер padlet.com өткен тақырып бойынша бекіту, рефлексия және кері байланыс үшін сайтқа көшті.

 

 

 

  • 16 мар, 2021