Қайрулла Томирис (С111 тобы) – «Қызыл Жарты ай» қоғамының нұсқаушысы.
1 маусым - Балаларды қорғау күні орталық жағалауда жеткіншектер арасында өткен жарыста «Қызыл Жарты Ай» еріктілермен бірге Томирис жарақат алғандарға алғашқы көмек көрсетті және қашықтықтағы басқа да көмек түрлеріне қол ұшын берді.
Еріктілердің міндеті - жедел жәрдем келгенге дейін көмек көрсету. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан Freedom клубы ұйымдастырған жарысқа 1000-ға жуық бала жиналды.
Томирис нақты жағдайға тап болды. Жүгіріп келе жатып құлаған 9 жасар баланың аяғы мен терісіне зақым келген. Жылдам жүгіріп жеткен Томирис баланың басы мен қолы ауырып, аяқ терісі зақымданғанын анықтады. Жеткіншекті тас жолдың жиегіне апарып, жарақаттарын сутегі асқын тотығымен сүрте бастады. Томириске баланың анасы алғашқы көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.