Адамды өлді деуге бола ма, 
егер  артында өшпейтіндей іс қалдырса? 
                                                                                                              Абай
2024 жылдың 17 қаңтарында барлық колледж студенттеріне қазақтың тұңғыш академигі Қ.И.Сәтбаевқа арналған сынып сағаты өтті.
Өткенді ұмытып, болашаққа қарай қадам басу мүмкін емес. Ал ең алдымен елдің игілігі, ұлттық байлығы болып табылатын адамда туралы. Халықтың тарихы оның ұлы ұлдарының есімдеріне негізделген: Англия – ол Шекспир, Байрон, Ньютон және Фарадей, Ресей -  Петр Первый, Пушкин, Толстой, Ломоносов…  Осы тұрғыда қазақтың тұңғыш кәсіпқой тау-кен инженер-геологы, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың тұлғасы мен жетістіктері, ғылыми және мемлекеттік қызметі Қазақстан тарихында шешуші рөл мен мәнге ие болуда. Сынып сағаттары баяндамалар, ақпарат және презентация түрінде дайындалып, өткізілді. Студенттеріміз Қаныш Сәтбаев туралы мағлұматтарға қанықты және ол туралы бұрыннан белгілі фактілерді біріктірді. Өз басым, әр адамның өзіне қиын күндерде де ашылатын жолы бар деп ойлаймын, мұны Қаныш Сәтбаев тағы да растады. Біз жаспыз, дәл сол кездегі академик Сәтбаев сияқты, біз өзімізді қызықтыратын және Қазақстанның одан әрі дамуына көмектесетін нәрсеге бар күшімізді жұмсауымыз керек. Қаныш Имантайұлы бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге және ол туралы әңгіме көбімізді мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосуға итермелейтін сияқты.

  • 18 янв, 2024