2022 жылдың 12-13 сәуірі күндері «Жоғары Электроника және Коммуникациялар» колледжінде 1203000 «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы ОП-220 тобы студенттері арасында «WorldSkills Pavlodar 2022» Ұлттық чемпионаты аясында аймақтық чемпионат өтті.

«ЖҮКТЕРДІ ЭКСПЕДИЦИЯЛАУ» құзыреттілігі бойынша өткен сайысқа: Жұмабеков Наурызбек Жұмагелдіұлы, Исенова Зейнеби Галымбековна, Черданцева Евника Андреевна, Қозыбаков Жанат Мұратұлы қатысты.

Чемпионаттың мақсаты - талантты және дарынды студенттерді анықтау, орта буын мамандарын кәсіптік даярлау сапасының деңгейін арттыру, «WorldSkills» стандарттарына сой олардың кәсіби құзыреттілігін одан әрі жетілдіру.

Қатысушылар теміржол көлігіндегі тасымалдау процестерін ұйымдастыру және басқару бойынша: ТЭК қызметінің құрамы,  жүктерді экспедициялау саласындағы сұраныс пен ұсыныс нарығы, клиенттермен өзара байланыс кезінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды меңгеру тұрғысынан өздерінің білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.

Ұйымдастырушылар мен қатысушылар құрамында 1203000 «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығын оқытатын ұстаздар  Искаков Р.Х., Курочкина Н.В., Жетібаева М.М., Қарашашева С.Ш. бар құзыретті  және бейтарап Сарапшылар кеңесіне, сонымен қатар Сұрыптау дөңесі бойынша кезекші «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «Павлодар ЖТ бөлімшесі» ТӘУЕЛСІЗ САРАПШЫСЫ А.Е. Қасенге алғыс білдіреді.

Белгілі бір уақыт аралығында тапсырмалардың дұрыс орындалуы, көлік жөнелтпе құжаттарын, өтінімдерді, қызметтерге арналған шарттарды және басқа да қажетті құжаттарды ресімдеу нюанстарына бағдарлану, сонымен қатар имитацияланған логистикалық ортадағы әртүрлі мәселелерді стандартты емес жолмен шешу жолдары бағаланды.

 

  

 

Іс-шара нәтижелі өтті, студенттердің қызығушылығы мен белсенділігін арттырды. Қорытындылай келе, сарапшылар қатысушылардың жұмыстарды орындау кезінде қызығушылықтарының жоғары болғандығын атап өтті және болашақта жақсы нәтижелерден үміт күтетіндіктерін жеткізді. 

Студенттер алдында сөз алған «Жоғары Электроника және Коммуникациялар» колледжі басшысының орынбасары С.А. Құлахметова студенттердің байқау тапсырмаларын өте жақсы орындағандарын, олардың алған кәсіби дағдыларының болашақ жұмысында маңыздылығын атап өтті және "логисттерге" жаңа жетістіктер мен табыс тіледі.

Жалпы қатысушылар ұйымдастырылған іс-шараның өздері үшін пайдалы болғандығын  жеткізді.

Біздің команда «WorldSkills Kazakhstan 2022» чемпионатының барлық кезеңдерінде лайықты нәтижелер көрсетеді деп үміттенеміз.

  • 14 апр, 2022