26 -29 қараша аралығында «Павлодар облыстық білім басқармасы» ММ мен «Павлодар техникалық сервис» ШЖҚ КММ бірлесіп, ««StartUp жоба: Бизнес студенттің көзімен «Кәсібін жаңадан бастаушы TIPO PVL – 2021» облыстық конкурсы өтті.
Байқаудың мақсаты – жастарды ғылыми-инновациялық істерге тарту арқылы олардың шығармашылық қабілеттері мен әлеуетін ашу және жүзеге асыру; өңір экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін перспективалық бизнес-идеяларды, инновациялар мен технологияларды анықтау.
Конкурсқа қатысушылардың Startup жобаларын бағалауды Сараптамалық кеңес келесі критерийлер бойынша жүргізді:
- өзектілігі мен қажеттілігі;
- баламаларының түпнұсқалығы және қолжетімділігі;
- әлеуметтік маңызы;
- экономикалық негіздемесі;
- бейнеролик немесе тұсау кесу рәсімінің сапасы.
Байқауға облысымыздан 44 колледж қатысты. «Микрогрин – жаңа өмір» жобасы бойынша қатысқан біздің колледждің 2 курс студенті Игорь Бойческо бірінші орынға лайық деп танылды.
Бұл жоба дұрыс тамақтануды ұстанушыларға арналған (жобаның жетекшісі - арнайы пәндер оқытушысы Шаймарданова А.К.).