26 -29 қараша аралығында «Павлодар облыстық білім басқармасы» ММ мен «Павлодар техникалық сервис» ШЖҚ КММ бірлесіп, ««StartUp жоба: Бизнес студенттің көзімен «Кәсібін жаңадан бастаушы TIPO PVL – 2021» облыстық конкурсы өтті. 
Байқаудың мақсаты – жастарды ғылыми-инновациялық істерге тарту арқылы олардың шығармашылық қабілеттері мен әлеуетін ашу және жүзеге асыру;  өңір экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін перспективалық бизнес-идеяларды, инновациялар мен технологияларды анықтау.
Конкурсқа қатысушылардың Startup жобаларын бағалауды Сараптамалық кеңес келесі критерийлер бойынша жүргізді:  
-    өзектілігі мен қажеттілігі;
-    баламаларының  түпнұсқалығы және қолжетімділігі;
-    әлеуметтік маңызы;
-    экономикалық негіздемесі; 
-    бейнеролик немесе тұсау кесу рәсімінің сапасы.

  

Байқауға облысымыздан 44 колледж қатысты. «Микрогрин – жаңа өмір» жобасы бойынша қатысқан біздің колледждің 2 курс студенті Игорь Бойческо бірінші орынға лайық деп танылды. 
Бұл жоба дұрыс тамақтануды ұстанушыларға арналған (жобаның жетекшісі  - арнайы пәндер оқытушысы Шаймарданова А.К.).

 

  • 30 ноя, 2021