19 ақпан Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде II -ші курс студенттер арасында «Қазақ халқының салт -дәстурі» атты сайыс өтті.
«Қазақ халқының салт -дәстурі» байқауының мақсаты:
- Ұлттық мұраны сақтау және насихаттау – жастарды қазақ халқының бай мәдениетімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыру.
- Отансүйгіштік пен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру – өз халқының тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту – қатысушылардың шығармашылық ойлауын, актерлік және шешендік өнерін ынталандыру.
- Ұрпақаралық байланысты нығайту – дәстүр туралы білімді аға ұрпақтан жастарға беру.
Оқушылардың келесі критерийлер бойынша бағаланды:
— өзіндік және шығармашылық;
— көркемдік пен өнерлік;
— костюмдер мен реквизиттер;
— топтық жұмыс және өзара әрекеттестік;
— оқушылардың сөйлеу мәнерлілігі
Салт-дәстүрлер – қазақ халқы мәдениетінің терең тамыры мен рухани байлығының ажырамас бөлігі болғандықтан әр топ салт- дәтүрлерді таңдап, дайындалды.
Сахнада қатысушылар қазақтың салт-дәстүрлері туралы білімдері қалыптасып, қазақ халқының мәдениетіне деген қызығушылығын өз елінің, өз халқының адамгершілік және рухани мәдениетін көрсете білді; балалар қазақ халқының тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін ортаға салды.
Іс-шара қызықты да мәнді өтті. Әділ-қазалыр алқасы сайысқа қатысушыларды мадақтап, өздеріне сай номинациялармен марапаттады.
#біртутас_тәрбие_pvl
#bilim_наурыз2025_pvl
@bilim_basqarmasy @samal.aitkazina