2017 жылғы 16 қыркүйекте Павлодар қаласының Жеңіс алаңында «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» РМҚК Павлодар филиалының курсанттары әскери ант қабылдады. Әскери ант қабылдау рәсіміне Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің студенттері қатысты.

             

Курсанттардың туған-туыстары да балаларының салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімінің куәгері болды. Курсанттарды әскери-техникалық мектептің басшылығы, дін басылар, ата-аналар өкілдері құттықтады. Әскери ант қабылдау іс-шарасы курсанттардың өзі дайындаған концертімен аяқталды.    

 

  • 18 сен, 2017