01.11.21-24.11.21 аралығында «Білікті кадрларды даярлаудың халықаралық тәжірибесін пайдалануда педагогтарды кәсіби дамыту» бағдарламасы бойынша «Талап» КЕАҚ біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

«Көлік және коммуникация жоғары колледжінен» бөлім меңгерушісі Қалмыков Ю. А. және өндірістік оқыту шеберлері және Қарашашева С.Ш., Грицанчук Т.А. ұзақтығы 135 академиялық сағат болатын онлайн форматта  дәріс алды.

  

Бұл еңбек нарығы талаптарының контексінде кәсіби дағдыларды қалыптастыруға негізделгенін ескере отырып, қазіргі заманғы кәсіби педагогика мен оқу бағдарламаларын реформалау бағытындағы өте мазмұнды бағдарламалық курс. 

  

Жаттықтырушы оқытушы Жанар Еркінқызы Садықова кәсібилік, инновациялық - педагогикалық технологиялар арқылы, толық дәрістік материалдармен, бейнесурстармен, презентациялар арқылы қатысушыларға жан-жақты ақпарат бере білді.

Жанар Еркінқызының сезімталдығы, жауапкершілігі және педагогикалық әдептілігі біздің оқыту нәтижемізді арттырды, жобаны қорытынды қорғауға алып келді.

Алдымен біз білім беру бағдарламаларын енгізуді реттейтін негізгі нормативтік құжаттар бойынша, Soprano Group, Финляндия мысалында Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік  білім беру жүйесіне еуропалық тәжірибе негізінде таңдалған кәсіптің біліктілік деңгейіне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын әзірлеушілер рөлінде болдық.       

Содан кейін цифрландыру мен кадрларды даярлаудың шетелдік тәжірибесін ескере отырып, оқу-әдістемелік кешен әзірленді; пән/модуль бойынша оқу - жұмыс жоспары мен бағдарламасы; топтық жұмыс дағдылары, бағалау әдістері, формалары мен тәсілдері алынды.

Курстық бағдарламаның модульдерін оқып - үйрену барысында қатысушылар практикалық жұмыстарды орындады, нормативтік талаптарға және цифрлық технологияларды қолдануға сәйкес әзірленген құжаттарын көрсетті және қорғады.

   Курстар өзара сыйластық пен түсінушілік аясында өтті. Өткен бағдарламаның қорытындысы «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу» жобасын оқыту нәтижелерін талқылау мен қорғауға негізделді.  07160500  - «Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы. Біліктілік: 3W07160501 – «Локомотив машинисінің көмекшісі (түрлері бойынша)».

 Курстардан өту кезеңінде «Талап» КЕАҚ өкілдері бірнеше рет сабаққа қатысып, Ж.Е. Садықованың жетекшілігімен тыңдаушылардың жұмысы туралы оң пікірлер білдірді.

  • 28 ноя, 2021