Бүгін, 31.03.2021 куні Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде "Көлік" арнайы пәндер апталығы аясында ТжКБ студенттері арасында 1410000 "Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы" мамандығы бойынша аймақаралық олимпиада өткізілді.

Іс-шара "АТАМЕКЕН" өңірлік Кәсіпкерлер Палатасының, Жастар бастамаларын дамыту орталығының (МДМ) және "Павлодар Жолдары" ЖШС әлеуметтік серіктесінің қолдауымен өткізілді.

Олимпиадаға Алматы автомобиль-жол колледжінің, Атырау энергетика және құрылыс колледжінің және Павлодар жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің студенттері қатысты. 

Олимпиада 2 турдан тұрды:

I тур – іріктеу, колледждер базасында өткізілді;

II тур – қорытынды, "Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі" ШЖҚ КМК базасында өткізілді:

1.   Теориялық (тестілеу) - 60 сұрақ (90 мин);

2.  Практикалық-20 тапсырма (30 мин).

Олимпиада қорытындысы бойынша студенттер дипломдармен және сертификаттармен марапатталды:

1 дәрежелі Диплом

Уалиханова Айдана ,  Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі

Тұрғынбек Нұрзат, Алматы автомобиль-жол колледжі

2 дәрежелі Диплом

Нағимов Теміржан - Атырау энергетика және құрылыс колледжі

Жексенова Инкар -  Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі

3 дәрежелі Диплом

Мұрат Мәди -  Алматы автомобиль-жол колледжі

Жакиенов Ернар -  Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі.

Олимпиадаға қатысқаны үшін барлығына алғыс айтамыз!

  • 31 мар, 2021