Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын орындау шеңберінде Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің базасында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу мақсатында "Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы" атты әлеуметтік жарнама конкурсы өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар саясаты-бұл ел болашағына тиімді инвестициялар. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды, көзқарастар мен мінез-құлық үлгілерін қалыптастыра отырып, біз адалдық пен қоғамға қызмет етуге негізделген азаматтық ұстанымның векторын қалыптастырамыз.
Байқауға колледждің екінші курс студенттері қатысты.
Бірінші орын-С-218 тобының білім алушысы Рыспаева Дина, жұмысында ғылыми негіздеме және тапсырманы орындауға шығармашылық көзқарас байқалады.
Екінші орын - презентация түрінде А-218 тобының топтық жұмысы.Заңнамалық және әлеуметтік материалдардың үлкен көлемі әзірленді және презентация беттерінде көрініс тапты.
Үшінші орын - ПМЭ-252 тобының студенті Наурзбеков Аман, ол конкурсқа екі тақырыптық сурет ұсынды.