Павлодар қаласындағы «Жоғары Электроника және Коммуникациялар колледжі» базасында теміржолшы мамандығы бойынша «Локомотивтерді басқару» құзіреті бойынша «Worldskills Kazakhstan» республикалық чемпионаты басталды. Додалы байқауға Нұр-сұлтан, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облысынан командалар қатысуда.   

 

Олар өз шеберліктері мен кәсіби құзыреттерін көрсетуде. Студенттер үздік жас кәсіби маман иесі атағын жеңіп алу үшін барын салуда.  Чемпионатқа қатысу  - бұл өзінің білім мекемесін таныстыру ғана емес, үлкен жауапкершілік. 

  

"Worldskills" – әлемнің 78 елінің халықаралық қозғалысы. 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы "WorldSkills" ұлттық чемпионатына ресми түрде қатыса бастады.  "WorldSkills Kazakhstan" толықтай қоғамның назарын аударған және еліміздегі техникалық кәсіптердің танымал болуына ықпал ететін инновациялық іс-шараға айналған. 
 "ЖЭжК" колледжі 40 жыл бойына елдің әлеуметтік - экономикалық дамуына  зор үлес қосып келе жатқан мекеме. Бүгінге дейін осы оқу орнынан түлеп ұшқан 11000 - нан астам маман еліміздің өндіріс орындарында елеулі еңбектерімен танылуда.

  • 25 ноя, 2021