21 мамырда Қ. И. Сәтбаевтың 125 жылдығын және Павлодар облысының көрнекті тұлғаларының мерейтойлық күндерін мерекелеу аясында жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің базасында "Ғалымдар жаққан шамшырақ" ғылыми-практикалық конференциясы өтті.Конференцияға 1-2 курс студенттері мен облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлері қатысты. Сараптама комиссиясының құрамына филология ғылымдарының докторы, профессор, академик А.Қ Тұрышев және педагогика ғылымдарының докторы Е. Ө Жұматаева кірді. Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушылар дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.