Палводар көлік және коммуникациялар коледжінде 2017 жылдың 10 қазаны күні ауданы 5400 шаршы метр болатын, толық көлемді футбол стадионының салтанатты ашылуы болып өтті.
Стадионда көлемі 60х90 м жасанды футбол алаңы, тартанды төсемі бар екі жүрігетін жолдары жасалды. Көрермендерге ыңғйлы болу үшін 136 орындық жабық трибуна орнатылды. Стадион төрт мачты жарықтандырумен жабдықталды және кешкі уақытта да пайдалануға болады.
Стадионның салтанатты ашылуына құрметті қонағы болып Павлодар облысының әкімі Булат Бакауов болды. Қонақтарға және осы мерекенің спортшыларына сілем жолдап, жаңа футбол стадионы барлық адамдарға есігінің ашық болуы керек екенін айтты.
Стадионның ашылу құрметіне колледждің кіші және жоғары курс студенттерінің футбол командалары жаңа аренада жолдастық матч ойнады, ол 4:0 шотымен аяқталды және жанкүйелер үшін нағыз мереке болды.