6 қазанда Усольск спорт базасында колледждердің облыстық спартакиадасы шеңберінде биылғы оқу жылындағы алғашқы жарыстар өтті. Қыздар 2 шақырымға, ұлдар 3 шақырымға жүгіру жарысына облыс колледждерінің бірінші лигасының 80-ге жуық студенті қатысты. Құрамында қыздар командасы: Держевая Надежда, Донец Дарья, Евтушенко Виктория және команда жетекшісі Арина Соколова командалық есепте 2 орынды иеленді. Абсолюттік біріншілікте Соколова Арина чемпион болды. Давыденко Данила, Жорин Илья, Қазыбаков Жанат, Климентьев Тимурдан құралған жасөспірімдер құрамасы лайықты өнер көрсетті, бірақ жүлдегерлер үштігіне енбеді. Қыздар құрамасын тамаша нәтижемен құттықтаймыз!!!

  • 07 окт, 2022