13 сәуірде колледждер арасында Президенттік көпсайыстан облыстық жарыс өтті. Бұл жарыстар бағдарламасына оқ ату, граната лақтыру, 100 м және 2 км жүгіру енгізілген. Біздің ұлдар мен қыздардан құралған командалар жоғары лиганың 10 командасының ішінен сәйкесінше 4 және 5-ші орындарға ие болды. Жеке біріншілікте 2 орынды Соколова Арина иеленді. Аринаны құттықтаймыз және құрама команда мүшелеріне алғысымызды білдіреміз: Шепельге В., Булышевке В., Климентьевке Т., Троцкийге К., Алексееваға А., Фащевскаға Д., Евтушенкоға В., Соколоваға А.

  • 14 апр, 2023