15-25 қыркүйек аралығында өңірлік дене шынықтыру орталығы колледж оқушылары арасында тоғызқұмалақтан облыстық онлайн турнир өткізді. Жарысқа 12 команда қыздар мен 11 команда ұлдар қатысты. Жасөспірімдер арасындағы онлайн-турнирдің нәтижесінде біздің колледждің оқушысы Нурболат Мусралин (ПМТ-353) жеңімпаз атанды, екінші орынды ақпараттық технологиялар колледжінің студенті, үшінші орынды машина жасау колледжінің оқушысы иеленді. Ергалиева Диляра (С-219) 6 орын алды. Облыстық онлайн турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім басқармасының мақтау қағаздарымен және медальдарымен марапатталды. Тамаша өнер көрсетуімен құттықтаймыз!

Команданы оқытушы Х. И. Айгазинов дайындады.

 

  

  • 28 сен, 2020