24 желтоқсан күні Жоғары электроника және коммуникация колледжінде теміржол саласының еңбек сіңірген қызметкерлері – Әби Сарқыншақұлы Сарқыншақов пен білім саласының қайраткері – Валерий Иванович Кабурнеевтің құрметіне атаулы кабинеттердің ашылу салтанаты өтті.

 

   

 

Кабинеттердің бірі  Құрметті теміржолшы, КСРО  көлік саласының үздік қызметкері, Павлодар қаласы және Павлодар облысының құрметті азаматы, «Қазақстан темір жолы» кеңес беру одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері, оқу орнының негізін қалаушы Ә.С. Сарқыншақовтың есімімен аталады. 

 

 

 

 

Келесі кабинет оқу орнын 30 жылға жуық басқарған «Ы. Алтынсарин», «ҚР білім беру ісінің үздігі», «Құрметті теміржолшы», «Ерен еңбегі үшін», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Адал еңбегі үшін», «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін», «Вьетнам Социалистік Республикасы достығы», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл»  төсбелгілерінің иегері В.И. Кабурнеевтің есімін иеленді.

Колледж басшылығы осы көрнекі тұлғалардың есімдерін мәңгілікке қалдыру туралы шешімді кездейсоқ қабылдамағанын айту ләзім. Өйткені бұл кісілердің білім ордасын қалыптастыру мен дамытуға қосқан үлесі өлшеусіз.

  • 24 дек, 2021