Бірінші курстар арасында баскетболдан колледж чемпионаты аяқталды. Жарыс Республика күніне орай ұйымдастырылды. Үшінші орынды В-123 тобының командасы, екінші орынды В-113 командасы иеленді. ПМЛ-113 тобының баскетболшылары чемпион атанды. Келесі аптада колледж құрамасы облыс чемпионатына дайындық аясында жолдастық ойындар сериясын бастайды.

  • 09 ноя, 2023