Халқымыздың ұлы перзентінің, Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай, елімізде кең көлемде іс-шаралар өтуде.
Елбасымыздың: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі.Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы Қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді», – деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады.
Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет.
Бұл тұжырымдар қазір де аса өзекті. Тіпті бұрынғыдан да зор маңызға ие болып отыр. Себебі ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз.
Ал біздің міндетіміз – осы ілгері көшке ілесіп қана қоймай, алдыңғы қатардан орын алу.Сондықтан заман өзгеріп, ұрпақтар ауысса да, Абай мұрасы сол күйінде сақталып қала бермек.
Осы орайда біздің оқу орнында да көптеген іс-шаралар бастау алды. Әлемде болып жатқан қиын жағдайға қарамастан қашықтықта отырып онлайн түрде әртүрлі конкурстар өтуде. 1-ші курс студенттерінің арасында Абай мұраларын зерттеп,насихаттау мақсатында «Ұлы Абай ұрпақтары» атты шығарма жазудан онлайн-конкурс өтті. Қатысушылардың жұмыстарын зерделей келе,олардың Абай мұрасын қаншалықты деңгейде білетінін көруге болады.
С-119 тобының студенті Қасенғалиева Рабиға «Абай дана-Абай дара» шығармасында өзінің бойында еліне, жеріне деген патриоттық сезімнің орныққанын айта келе
Ал осы топтың студенті Алтынбеков Адиль Абайдың философиялық шығармаларына көңіл бөлген.Философияның негізгі мәселелеріне байланысты көзұқарастары,терең ойы мен дүниетанымының ішкі мазмұны әлі күнге дейін ашылмай келе жатқанын айтады.
Сөз соңында айтарым,біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты.
Қазақ тілі пәнінің оқытушысы: Ахметова Б.М.