Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық білім беруді дамыту орталығының өкілдері қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеу шеңберінде Жоғары электроника және коммуникациялар колледжіне сапармен келді. Біздің колледж "Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар" және "Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару"мамандықтары бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын жүзеге асырады. Жоғары білім беруді интернационалдандыру кеңсесінің мамандары Артықбай Ақжүніс пен Ислам Ақбота колледж басшылығымен әңгімелесті, қолданбалы бакалавриат студенттері мен түлектерінен сұхбат алды, сондай-ақ жұмыс берушілер мен оқытушылардан сараптамалық сұхбат алды.Соңында қонақтар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты.

  • 16 мар, 2023