1.04.2021 күні  "Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі" ШЖҚ КМК жатақханасында тұратын студенттермен Ertis - Adaldyq alańy жобалық кеңсесінің қоғамдық бақылау маманы Д. М. Сагитовпен кездесу өтті. 

Д.М. Сағитов білім алушыларды Ertis - Adaldyq alańy жобалық кеңсесінің қызметі туралы хабардар етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.Сондай-ақ, ол біздің колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың озық тәжірибесі, сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғыртудың және академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығы енгізіліп жатқанын атап өтті.

   

  • 31 мар, 2021