2021 жылдың 13 қазанында  Электроника және коммуникациялар жоғары колледжіне  «Талап» КЕАҚ жобалар және әлеуметтік әріптестік басқармасының басшысы Н. Д. Жанайдаров  келді. Сапардың мақсаты - оқу орнындағы «Жас маман» жобасының іске асырылу барысымен танысу.
Нақтырақ айтсақ: 
- жабдықтарды эксплуатацияда тиімді пайдалану;
- оқу орнының стратегиялық даму жоспарын өзектендіру;
- халықаралық талаптарды ескере отырып, әзірленген білім беру бағдарламаларын енгізу;
- педагогтардың және басшылардың біліктілігін арттыру курстарынан өтуі;
- колледж базасында құзыреттілік орталықтарын құру; 
Ол «Мобильді робототехника», «Байланыс желілері және коммутациялық жүйе», «Байланыс желілері», «Ақпараттық кабельдік желілер» зертханаларын және «Талшықты - оптикалық байланыс желілері» кабинеттерін аралады. 
Осы зертханалар мен кабинеттердегі жабдықтардың оқу процесіндегі жұмысын көрнекі түрде көрді.
«Мобильді робототехника» зертханасында БҚ-220 тобының студенттері Ultimate 2.0 MAKEBLOCK конструкциясынан құрастырылған робот моделін көрсетті.

  

 

«Ақпараттық кабельдік желілер» зертханасында ББ-221 тобының студенттері талшықты-оптикалық байланыс желісін дәнекерлеу және кейіннен муфтаға монтаждау бойынша зертханалық жұмыс жүргізді.
Кездесуге «Қазақтелеком» АҚ Шығыс Өңірлік телекоммуникация дирекциясының әлеуметтік серіктестігінің өкілі С.В. Погудин шақырылды. Ол колледжбен әріптестік байланыс жасаудың маңыздылығы туралы айтып берді.
Бірінші кезекте бұл - телекоммуникация салалары үшін даярланған мамандарды жұмысқа орналастыру, екіншіден, колледждің оқу процесіне үздіксіз қатысу.

   

«Мобильді робототехника» және «Ақпараттық кабельдік желілер» зертханасының базасында WorldSkills  аймақтық, республикалық чемпионатын өткізу және конкурсқа қатысушыларды дайындау үшін құзыреттілік орталықтарын ашу жоспарланған.      
 Сапар қорытындысы бойынша оқу орынында «Жас маман» жобасын іске асырудың одан арғы кезеңдері бекітілді.

  • 13 окт, 2021