Бүгін, 26 сәуір, сағат 12:00-де «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері ЖЭжКК студенттері мен оқытушыларына «Менің құқықтық салам, құқықтарым мен міндеттерім» және «Психикалық денсаулық» тақырыбында семинар өткізді.

Жобалық кеңсенің қызметі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, өмірлік қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандар мен отбасыларды дер кезінде анықтауға, сондай-ақ оларды әлеуметтік - түзету бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға және құқық бұзушылықтың  алдын алуға бағытталған.

  

Бөлім басшысы Камила Сәлімқызы Мадығұлова кәмелетке толмаған студенттердің құқықтары мен міндеттеріне тоқталды. Ол студенттерге Қазақстан Республикасының заңнамасы қалай реттелгенін, сондай-ақ әкімшілік-қылмыстық кодекстің қандай маңызды тармақтары Қазақстан Республикасының әрбір азаматының есінде сақталуы керек екенін түсіндірді.

Жобалық кеңсенің психологы Шамсутдинова Валентина Юрьевна студенттермен кездесуінде психологиялық денсаулықтың маңыздылығын түсіндіріп, күрделі эмоционалдық жағдайды бастан кешкен жақындары  мен достарына қандай шаралар қолдану керектігін айтты. Кездесу соңында студенттер қонақтарға алғыс білдірді.

  • 26 апр, 2022