Бүгін 17.04. 2020 күні қашықтықтан оқыту түрінде сынып жетекшілері кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, білім алушылардың құқықтық санасын тәрбиелеу үшін "Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында сынып сағатын өткізді.Сынып сағаты барысында студенттермен жастар арасындағы қылмыс мәселесі талқыланды, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекшеліктері анықталды, өз бетімен жауапты шешім қабылдау және күрделі жағдайларды сыни талдау дағдыларын қалыптастырды.
Сынып сағатын қорытындылай келе, әрдайым жасалған іс-әрекеттер үшін жауап беру керектігін есте сақтау керек.
Білім алушылар барлық құқық бұзушылықтардың басты себебі заңды құрметтемеушілік болып табылады деп санайды.Біздің қоғамда бірде-бір адам құқықтық нормалардың талаптарынан бас тарта алмайды.Олай болмаған жағдайда қылмыстық кодекс күшіне енеді. Біз еліміздің заңдарын сақтауға және патриот болуға тиіспіз.Сол кезде біздің еліміз одан әрі нығая түседі, өйткені оның болашағы – бүгінгі Қазақстан жастары.