21 қыркүйек 2021 жыл С.Торайғыров атындағы  Облыстық кітапхана ZOOM платформасында құқық қорғау органдарының өкілімен онлайн – кездесу ұйымдастырды және өткізді.

Іс-шараға аға полиция қызметкері Б. Т. Камзина қатысты.

Бибігүл Телешқызы жасөспірімдерге олардың құқықтары мен міндеттері, Павлодар облысындағы кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың статистикасы туралы түсінікті түрде жеткізді.

Сондай-ақ, ол балалардың құқықтарын қорғау және жергілікті полиция инспекторларының жұмысы туралы айтты.

  

  • 22 сен, 2021