Қылмыстың алдын алу және құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында Павлодар қаласындағы Солтүстік полиция бөлімі Жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлім қызметкерлерімен кездесу өтті. «Құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет алаяқтықтан сақтану»  тақырыбында өткен кездесуде құқық қорғау органдарының өкілдері студенттерге сенімге кіру, бопсалау т.б. жолдар арқылы мүлікті қолды етуге қатысты деректер жайлы айтып берді. Бұл орайда бопсалаушылар уақыт өткен сайын сан түрлі әдіс – тәсілдер ойлап табуда.  

  

Мәселен: түрлі айла-шарғымен үйге дейін келу, телефон арқылы жалған ақпарат беру, SMS-хабарлама жолдау т.б. 
Бұл орайда қатысушылардың барлығына қауіпсіздік ережелері жайлы айтылды.  Алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың амал-тәсілдері сөз болды. 

 

 

Сонымен қатар тәртіп сақшылары бұрын ұсталған, бағасы арзан тауарларды сатып алуда қырағылық танытуды, танымайтын адамдармен телефон арқылы  және ғаламтор желісінде ақпарат алмасуда сақ болуды ескертті.

 

  • 10 дек, 2021