2024 жылғы 17 мамырда колледждің акт залында студенттер полиция бөлімінің инспекторларымен кездесті. Әңгімелесу барысында азаматтардың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың және олардың ата-аналарының жасаған құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік , қылмыстық жауаптылығына баса назар аударылды. Павлодар қаласы бойынша студенттер мен кәмелетке толмағандар арасында жасалған құқық бұзушылықтардың жалпы статистикасы, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың мысалдары келтірілді. Іс-шара үлкен тәрбиелік әсерге ие болды.

  • 17 мая, 2024