Жыл сайын Павлодар облысының полиция департаменті Қазақстан Республикасы ІІМ ведомстволық оқу орындарын, атап айтқанда Қарағанды, Алматы және Қостанай академияларын қабылдауды жүзеге асырады.Кезекті кездесу "Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі" ШЖҚ КМК-да өтті. Кездесу барысында кадр саясаты басқармасының инспекторы Бейбіт Жақыпов пен облыс ПД СОБР бөлімшесінің қызметкерлері болашақ түлектерге ҚР ІІМ жүйесінің жоғары оқу орындарына түсу тәртібі, оқу процесінің ерекшеліктері және полиция қызметінің түрлі бағыттары туралы айтып берді. Студенттер ішкі істер органдарына қызметке кандидаттарды іріктеу кезінде олардың білім деңгейіне, моральдық-іскерлік қасиеттеріне, денсаулық жағдайына, дене шынықтыруға ерекше көңіл бөлінетінін білді.Кездесу барысында болашақ түлектер ІІМ жоғары оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына полиция қызметкерлері үшін көзделген барлық әлеуметтік кепілдіктер: тегін жоғары білім алу, курсанттың ақшалай және толық заттай үлесі, жатақханада тұру, әр курстың соңында тұрғылықты жеріне тегін жол жүрумен ақылы демалыс берілетінін білді. ЖОО-ны бітіргеннен кейін ішкі істер органдарында мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі. Оқу кезеңі ІІО - дағы қызмет өтіліне есептеледі.Кездесу соңында студенттер тәртіп сақшыларына нақты сұрақтар қойып, қызметке шынайы қызығушылық таныттыІс-шара қызықты әрі пайдалы болды, өйткені курсанттар өмірдегі басты басымдықтардың бірі болашақ мамандықты дұрыс және саналы түрде таңдау екенін түсінеді.

  • 27 дек, 2023