2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру бағдарламасын іске асыру, "Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығын орындау мақсатында, 29.11.2021 күні  Павлодар жол дистанциясы «Павлодар магистралдық желі бөлімшесі» «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» WorldSkills Kazakhstan - 2021 Республикалық чемпионатының шеңберінде "Темір жолдардың күйін бақылау" құзыреттілігі бойынша презентациялық конкурс өткізілді.

Колледж қызметкерлері Павлодар жол дистанциясы кәсіпорнының кәсіптік стандарттар мен технологиялық карталар негізінде, WorldSkills Kazakhstan - 2021 қозғалысын дамыту департаментінің кеңес беруімен "Таlар" КЕАҚ қатысушылар үшін презентациялық конкурс тапсырмаларын әзірледі.

  

WorldSkills стандарттары бойынша презентациялық конкурсқа П-319 тобынан 07320800 "Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы" мамандығының 3 студенті қатысты: Жильгильдинов Әлімжан, Жұмабек Айдын, Қуан Тілеген.

 

Осы құзіреттілік талаптарына сәйкес колледждің арнайы пән оқытушысы С.Н.Кожиков әлеуметтік серіктестер өкілдерімен кеңесе отырып, презентация байқауы өткізілген конкурстық тапсырмалар әзірледі. Конкурс сәтті өткізу үшін материалдық-техникалық базаны дайындауға А.А.Ахметшаихов, А.Б.Жекенов, О.В.Қарасаева, С.Н.Кожиков, О.Е.Байгутанов белсенді қатысты.

Презентациялық конкурс кезінде студенттер өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын: темір жол мен бағыттамалы бұрмаларды аспаптық тексерудің және заттай тексерудің технологиялық картасын әзірлеуді, бағыттамалы бұрманың геометриялық параметрлерін өлшеуді, бағыттамалы бұрманы ПШВ штангенциркульмен тексеруді орындауды, КОР әмбебап шаблонымен өлшеуді және бағыттамалы бұрманы көзбен шолып тексеруді және басқаларын көрсетті.

Емтихан комиссиясы мен Павлодар жол дистанциясы «Павлодар магистралдық желі бөлімшесі» «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» кәсіпорнының бас мамандары арасынан тәуелсіз сарапшылар Искаков Қ.М., оқу өңдірісінің шебері Айгожин Н.Р., жол бригадирі м.а Мещанов С.А. және ЖЭжКК өкілдері белгіленген уақыт ішінде студенттердің тапсырманың сапасы мен орындалуын бағалады.

Нақты өндірістік жағдайда презентациялық конкурс «Темір жол жолының жағдайын бақылау» құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сайыс өз деңгейінде өтті.

  • 29 ноя, 2021