Worldskillspavlodar-2023 аймақтық байқауы 27 наурыз бен 26 сәуір аралығында ұйымдастырылды. 3 апта бойы студенттер 35 құзыреттілік бойынша өз қабілеттерін көрсетті.

Конкурсты өткізу алаңдары облыстық колледждер базасындағы құзыреттілік орталықтары болды.

Байқауға облыстық білім беру ұйымдары колледждерінің 173 студенті қатысты. Сарапшылар ретінде өңір колледждерінің тәжірибелі педагогтары мен жұмыс берушілер қатарынан өкілдер анықталды.

35 құзырет бойынша 1 орын иегерлері маусым айында Астанада Expocenter базасында жоспарланған WorldSkillsKazakhstan-2023 ұлттық байқауына қатысу үшін өңірлік құраманың құрамына енді.

Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің студенттері WorldSkills аймақтық байқауының жүлдегерлері атанды. Кравчуков Александр және Подопригоренко Владислав  сияқты қатысушылардан құралған команда  "Мобильді робототехника", Кусаинов Руслан «Кабельдік желілер» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды және республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында өңірдің намысын қорғайтын облыстық құраманың құрамына енді. Сондай-ақ ЖЭжКК оқушылары: Қабден Ислам, Хасанов Салават, Аскаров Рауан, Ауталипов Рахат пен Шваб Марк, Бородулин Александр және Амангелді Айтмұқамбет, Ережепов Улан, Сатпеков Асанали, Яковлев-Кривоперстов Иван – Worldskillspavlodar-2023 өңірлік байқауында жүлделі  орындарға ие болды. Олар "Мобильді робототехника", "Веб-дизайн және әзірлеу", «IT шешімдері», «Графикалық дизайн», «Кабельдік желілер», «Электроника»   номинациялары бойынша байқауға қатысты. Біздің оқушыларымызды құттықтаймыз және оларға жаңа жеңістер мен кәсіби жетістіктер тілейміз!

  • 05 мая, 2023