Наурыз – қазақ халқы мен Азияның көптеген халықтарының басты мерекесі. Наурызда өткізілетін іс-шаралардың қай- қайсы болмасын домбыраның ұүмбірлеген үнімен өтетіні анық. Осыған орай  2025 жылғы 20 наурызда сағат 11.00-де  Наурыз мерекесіне арналған  «Күй күмбірі» атты республикалық домбырашылар челленджі өтті. Челлендждің мақсаты:Еліміздің мәдени мұрасын сақтау, білім алушылардың эстетикалық және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, балалардың домбырада орындау шеберлігін насихаттау, музыка ойнаудың ұжымдық нысандарын дамыту және жетілдіру. Колледждің «Аққу» домбыра ансамблі де челленджге қатысып халық күйі  «Наркескенді» орындалды.

  • 20 мар, 2025