2025 жылғы 22 мамыр күні Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі базасында «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша ТжКБ ұйымдарының оқытушылары арасында Республикалық кәсіби шеберлік байқауының салтанатты ашылуы өтті.

 Бұл шара – жай ғана байқау емес. Бұл – Қазақстан Республикасындағы Жұмысшы мамандықтар жылының маңызды кезеңі. Мұнда басты назарда – еңбек, интеллект және педагогикалық шеберлік!

 Республиканың әр өңірінен келген 10 үздік педагог біздің колледжге жиналды. Олар өздерінің жоғары деңгейдегі білімдері мен біліктіліктерін ғана емес, сонымен қатар мамандыққа деген шынайы адалдықтың қандай болатынын көрсетті.

 Радиотехника.  Электроника. Телекоммуникациялар.
Бұл салалар – технологиялық прогрестің іргетасы, болашақ осы жерден басталады. Себебі, болашақ инженерлерді, мамандар мен сала көшбасшыларын тәрбиелейтін – дәл осы оқытушылар.

Іс-шара барысында құрметті қонақтар, министрлік өкілдері мен колледж ұжымы құттықтау сөз сөйледі. Олар педагогтың кәсіби Қазақстанды қалыптастырудағы рөліне тоқталып, қолдау мен шабытқа толы лебіздерін білдірді.

 Ашылу салтанаты мақтанышқа, бірлікке және кәсіби рухқа толы атмосферада өтті.

Бұл байқау тек үздіктерді анықтайтын алаң ғана емес, ТжКБ жүйесін дамытуға, кәсіби қауымдастықты нығайтуға және техникалық мамандықтардың беделін арттыруға серпін береді деп  сенеміз.

  • 22 мая, 2025