2022 жылдың 14 сәуірі күні «Арнайы пәндер» апталығы аясында СБ-211 тобының студенттері «Қазақтелеком» АҚ әлеуметтік әріптестік кәсіпорнына барды. 

 

  

«Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері Павлодар филиалының бөлімшелеріне экскурсия жүргізді. Студенттер радиорелейлік желілер мен спутниктік тарату жүйелері учаскесінде,  жедел кезекшілер бөлімі, телекоммуникация желілерін техникалық қамтамасыз ету орталығы, жергілікті телекоммуникация желілеріне техникалық қызмет көрсету орталығында болды. Кросс, онда олар нақты уақыт режімінде жедел персоналдың жұмысымен танысты. Телекоммуникация құралдарының мұражайында болып, жағымды эмоция алды.

  • 20 апр, 2022