Қазақстанның 2020 жылғы ТОП-100 студенті жобасында 11-20 қазан аралығында онлайн-дауыс беру өткізілді, оған 23 облыс қатысты, Павлодар облысынан 15 колледжден 27 студент өтініш берді
21 қазанда нәтиже жарияланды, "Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі" ШЖҚ КМК 3 курс студенті Подтихов Максим Евгеньевич 967 дауыс жинап, Қазақстанның ТОП-100 студентінің қатарына кірді.
Максим біздің оқу орнымызда оқыған алғашқы күндерінен бастап әртүрлі конкурстарға, олимпиадалар мен концерттерге қатысу мүмкіндігін жіберіп алмады.
Міне, үшінші жыл қатарынан ол оқу озаты болып табылады. Максимнің көптеген таланттары бар, ол ән айтады, гитара мен домбырада ойнайды, сурет салады, белсенді өмір салтын жүргізеді, театр сахналарында өнер көрсетеді, өлең оқиды, видео роликтер түсіреді және өзі өңдейді, конкурстарға, олимпиадаларға, зияткерлік ойындарға қатысады. Сонымен қатар WorldSkills Pavlodar 2020 облыстық чемпионатына қатысып, қатысушылар арасында бірінші орынға ие болды.
Айта кету керек, ол "Қазақтелеком"АҚ ЖДҚ желілік байланыс құрылыстарының электр монтері мамандығы бойынша жұмыс істейді.
«Мен бұл мамандықты таңдағаным бекер емес, өйткені бұл мамандық қоғамда өте қызықты және сұранысқа ие. Колледжде алған білімімнің арқасында мен өзімді осы саланың маманымын деп батыл айта аламын. Менің қайда оқитынымды сұрағанда, мен мақтанышпен «Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі» деп жауап беремін: - дейді Максим.