Дене  шынықтыру пәнінің оқытушылары біздің  колледж базасында 19 қазанда Республика күніне арналған үстел теннисінен ашық турнир ұйымдастырды. Біздің командадан басқа қаладағы басқа колледждердің 3 құрама командасы шақырылды. Орындар келесідей бөлінді: ұлдар арасында 3 орын педагогикалық жоғары колледж, 2 орын ЖЭжКК және чемпиондар сервис және тамақтану колледжінің теннисшілері болды. Қыздар арасында 3 орын ЖЭжКК құрамасы, 2 орын сервис және тамақтану колледжі және педагогикалық жоғары колледжі жеңімпаз атанды.

  • 20 окт, 2022